Декада. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі
2023-2024 оқу жылының 9 - 20 қазан аралығында *"Тіл - татулық тірегі"* атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы басталды. Осыған орай, мектебімізде 6-8 сынып оқушыларының қатысуымен лездеме өткізілді. Онкүндіктің мақсаты оқушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін болашақ жастар екенін айтып, елжанды ұрпақ қалыптастыру, апталық жоспары бойынша өткізілетін іс-шаралармен таныстыру, толыққанды атсалысып қатысулары керектігі жөнінде айту.