Мұқағали Мақатаев ақынымыздың туған күні » КГУ «Общеобразовательная школа №99» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№99 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-09-49
Есепші бөлімі:
+7(727) 234-52-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2023

Мұқағали Мақатаев ақынымыздың туған күні

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен ақиық ақынымыздың туған күні атап өтілді. Бүгін қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақиық ақын Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 92 жыл толды. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі. Мектебіміздің оқушылары ақын поэзиясынан үзінді өлең жолдарын оқып, шығармашылығымен кеңінен танысты. Викториналық сұрақтарға жауап берді.