Республикалық АХЫСКА түріктері этномәдени орталығының мамандарымен
Бүгін КММ #99 жалпы білім беретін орта мектепте Республикалық АХЫСКА түріктері этномәдени орталығының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында көп ұлтты Қазақстанда этносаралық қатынастар, толеранттық ұғым, отбасындағы толеранттық тәрбие туралы әңгіме жүргізілді. Өзара сыйластық пен төзімділік, бейбітшілік пен келісім жайында ой өрбіді. Оқушылар тарапынан мамандарға сұрақтар қойылып, ұлтаралық мәселелер талқыланды. Сөйлеген спикерлер: 1. 99 ЖББМ КММ директоры Ембергенова С.Д. 2.