Тілге құрмет-елге құрмет

Автор: admin2 от 10-10-2018, 10:44, посмотрело: 12

0

    Онкүндік барысында шығармалар сайысы,ашық сабақтар,тәрбие сағаттары,мәнерлеп оқу сайыстары өтті.

    Онкүндіктің жабылу салтанатына мектеп директоры А. А. Асанованың басшылығымен, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Д.О.Нуралиевтің жетекшілігімен,қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы Асылы Әлиқызы Османмен, экономика ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Қазақбай Таштемірұлы Касимовпен, Республикалық ақындар айтысының жүлдегері, мәдениет қайраткері Серік Қалиевпен,Медеу аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Закиров Сагит Абдоловичпен кездесу өткізілді.

    Кездесуде ұстаздар мен оқушылар Асылы Әлиқызының мемлекеттік тілді дамытуға байланысты ғибратқа толы әңгімесін тыңдады.Оқушылар да өздерінің сұрақтарын қойып,құрметті қонақтардың рухани әңгімелеріне қанық болды.

    Кездесуде домбырадан күй төгіліп,мәнерлеп өлеңдер оқылып,нақышына келтіріп әндер орындалды.

     Кеш соңында мектеп директоры сөз сөйлеп, құрметті қонақтарға ұжымның,  оқушылардың атынан алғыс айтты.

 
 
 
 
 
 
 

шаблоны для dle

Категория: Традиция школы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.