Ата-аналар жиналысы
№99 жалпы білім беретін мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар жаңартылған мектеп ғимаратымен, оқу кабинеттерімен және оқушыларға жасалған оқу жағдайларымен танысты. Ата-аналар жиналысы келесі тақырыптар аясында өтті: 1–4 сыныптар — «Ата-ана, оқушы және мектептің ынтымақтастығы» 5–7 сыныптар — «Отбасылық тәрбие — рухани құндылықтардың бастауы» 8–11 сыныптар — «Отбасының мәдени құндылықтарының баланың болашағына әсері»