Алматы қаласы
білім басқармасының
"№99 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-09-49
Есепші бөлімі:
+7(727) 234-52-83
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысы
12
қаңтар
2026

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысы

2026 жылғы 12 қаңтар күні Алматы қаласы Медеу ауданындағы №99 жалпы білім беретін мектепте «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Шонжанова Жанна Тұрсынхановна, Алматы қаласы Білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ басшысы Коканова Венера Сембековна, Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Нұралиева Ақнұр Оразханқызы, Медеу ауданы білім бөлімінің әдіскері Сарсебаева Назым Дауталиевна, сондай-ақ  мектеп директорлары қатысты.

Жиналыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қарастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ата-аналарға профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілді.