17
желтоқсан
2025
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы
2025 жылғы 17 желтоқсан күні мектебімізде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымына 5-сынып оқушыларын қабылдау салтанатты түрде өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды отансүйгіштікке, жауапкершілікке, белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу.
Салтанатты жиында оқушылар ұйымның мақсат-міндеттерімен таныстырылып, «Жас Ұлан» қатарына қабылданған жас өрендерге сәттілік тілектері айтылды.Бұл күн – олардың қоғамдық өмірге қадам басқан маңызды әрі жауапты сәті болып табылады.
