Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылының ашылуына арналған
Алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтті.
«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында ұйымдастырылған жиында білім ордасының тәрбиелік маңызы, ұстаз еңбегінің құндылығы және оқушыларға жасалып отырған қолайлы білім беру ортасы атап өтілді.